Менің немерелеріме
Отбасы өмірінің жүрегін бақытты қылатын және қиындықтарды шешуге көмектесе алатын бірегей тегіс қамтитын бір өсиет бар.
Осы жылы менің бірінші екі немерем үйленеді. Он жыл ағымында олардың бірталай бауырлары да, өмірдегі олардың уақыты келген кезде, ғажайып отбасы әлемін құратын болады.
Бұл бақытты келешек, олар менен кеңес сұраған кезде, мені терең ойлануға мәжбүр етті. Негізінде олардың сұрағаны: «Мені бақытқа әкелетін қандай таңдау жасай аламын? Және керісінше, «Таңдауымның қайсысы менібақытсыздыққаәкеледі?
Көктегі Әкеміз әрқайсысымызды ерекше қылып жасады. Бір-біріне ұқсас екі адам болуы мүмкін емес. Бір-біріне ұқсас екі отбасы болуы мүмкін емес. Сондықтан, отбасылық бақытты қалай таңдау керек кеңесін беру қиын болғаны таңқаларлық жағдай емес. Бірақ сүйікті Көктегі Әкеміз бақыт жолын Өзінің барлық балаларына бірдей берді. Біздің жеке мінездемеміз бен болашақ тәжірибемізге қарамастан, тек бір ғана бақыт жоспары бар. Бұл жоспар Құдайдың барлық өсиеттерін міндетті түрде ұстану болып табылады.
Барлығымыз бен немерелерім үшін және үйленетіндерге де, ортақ бақытты отбасылық өмірге әкеліп, қиындықтарды шешетін бір ғана бірегей тегіс қамтитын өсиет бар. Бұл түрлі жағдайларға қарамастан барлық қарым-қатынасқа жатады. Бұл жазбаларда және осы замандағы пайғамбарлардың ілімдерінде қайталанады. Мынеки, Киелі кітапта кімде-кім мәңгілікке бақытты бірге өмір сүргісі келгеннің барлығына берілген кеңес:
«Кейін олардың біреуі, заңды үйретуші ғұлама, сынамақшы болып оған сұрақтар қойды,
Ұстаз, ең ұлы өсиет қайсысы?
Иса оған, шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен Иеміз Құдайды сүй деп, айтты.
Бұл – ең ұлы да басты өсиет.
Ал екіншісі де сол сияқты маңызды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»
«Осы екі өсиетте барлық заң мен пайғамбарлар негізделген».
Отбасын не бақытты қылатынын білу үшін, осы берілген қарапайым бекітімнің барлығын жинақтау қиынға соқпайды. Мен «Қай таңдау мені шын жүректен, бүкіл жан дүниеммен, барлық ақыл-ойыммен Иеміздің сүйіспеншілігіне әкеледі?» деген сұрақтан бастайын. Мен өзімді Иеміздің Өтелуі арқылы кешірім қуанышын қай жерде сезіне аламын деп, өзімді сол таңдаудың алдына қояр едім.
Бірнеше жыл бұрын мен Нью Мексикодағы Албукеркеде менің миссионерлік серіктесім екеуіміз оқытқан жас жігітті су рәсімінен өткіздім. Мен оны суға батырып алып шықтым. Оның бойы менің бойымның ұзындығымен бірдей шығар, өйткені ол тура менің құлағыма сөйлейтін. Оның бетінен сумен бірге көз жасы да ақты, қуанышқа толы дауыспен ол: «Мен тазамын, мен тазамын» деді.
Мен сол Құдайдың Апостолы айтқан сөзін қайталаған адамның бақыт жасына толы көздерін көрдім. Ол сезімге толы іздеу сұхбатынан соң, оған: «Мен сені Иемнің атынан кешірім етемін. Ол сені Өзінің уақытында және Өзінше кешіреді» бұны Иеміз оны орындады.
Күнә кешірілген кезде ешқашан еске түсірмеймін деп, Құдай неге солай айта алатынын мен көрдім. Өтелудің күшімен, мен жақсы танитын адамдардың сүйіспеншілігі жаңарып, күнәнің салдары өшірілді. Менің жүрегім Құтқарушыға және Оны жіберген сүйікті Әкемізге деген сүйіспеншілікке толды.
Бұл үлкен бата мен жақсы көретін адамдарға арналған шақырылымдар арқылы келді, ауыртпалықтан жеңілдеу үшін Құтқарушыға бет бұрыңдар, оны тек Ол ғана бере алады. Сондықтан, мен жақсы көретін адамдарымды Шіркеуде алған әр шақырылымды қабыл алып, көтермелеңдер деп, шақырамын. Бұл шешім отбасы бақытының кілті болып табылады.
Өмірдің әр кезеңіндегі қысымдар бізді шақыруларға елемей Құтқарушыға қызмет етуден бас тартуға мәжбүр етуі мүмкін. Бұл біздің өзіміз бен өмірлік серіктесіміз және отбасымыз үшін, рухани қауіпті жағдайды тұғызуы мүмкін. Кейбір шақырулардың аса маңызы жоқ сияқты көрінуі мүмкін, бірақ дьякон кворумын оқыту үшін, шақырылу меніңөмірім мен менің отбасымды жақсы жаққа өзгертті. Мен сол дьякондардың Құтқарушыға және Оның оларға деген сүйіспеншілігін сезіндім.
Мен бұрыңғы қазық пен миссия президентінің кворум мұғалімдеріне кеңес беру үшін, шақырылған шықырылымын қабыл алғанын көрдім. Мен тағы бір адамды білемін, ол Епископ болып, содан соң Аймақ Жетпісітігіндегі кворумында қызмет еткен болатын, Иеміз оны мұғалімдер кворумынан қайғылы оқиғаның нәтижесінде зардап шеккен ұл балаға көмектесу үшін, пайдаланды. Осы қызметте болған ғажаптар, көптеген адамның жүрегіне әсер беріп, Құтқарушыға деген сүйіспеншілігін өсірді.
Басқаларға қызмет ету барысында, біз Киелі Рухтың серіктестігін көп қажет етеміз. Оған қызмет етудің жетістігі, әрдайым біздің күшімізден де, асып түсер ғажаптардың нәтижесі. Ата-аналар баланың қарсылығымен кездескенде, бұл шындық екенін біледі және әпкенің әйелге жайлылық туралы айту үшін барған кезде, оған ол оның күйеуі тастап кеткенін айтқанда да біледі, шынайы көтерілісте ненің ақиқат екенін білеміз, бұл шындық. Екі қызметші де, таңертең Құдайдан Киелі Рухтың қолдауын өтініп мінажат еткендері үшін, алғыстарын білдіреді.
Тек Киелі Рухтың қатысуымен ғана некеде біз бір көсем болып жегіліп, ажырасудан аулақ болуға үміт арта аламыз. Менің көргенім, осы қарым-қатынас неке бақытының негізін құрайды. Ғажайып бір келкі болып көктің көмегіне мұқтаж және бұл уақытты талап етеді. Біздің мақсатымыз, Көктегі Әкеміз бен біздің Құтқарушының ұдайы қасында өмір сүру.
Менің анам мен әкем екі түрлі адамдар болатын. Анам әнші және суретші болатын. Ал әкем химияны ұнататын. Бір күні симфониялық концертте менің әкем қол шапалақтау басталар алдында тұрып кеткісі келгеніне, анам қатты таң қалды. Менің анам қайда барасың деп, сұрақ қойды. Ол оған жеккөрінішті: «Бәрі бітті ғой, солай емес пе?» деп, жауап берді. Сол жерде тек қана Киелі Рухтың жұмсақ әсері оны қайтып тағы бірнеше рет концерттерге келтірді.
Менің анам 16 жыл бойы Нью Джерсиде тұрды, ал әкем зерттеулер жүргізіп, химия сабағын беріп отбасын қамтамасыз ете алды. Анам үшін, бұл отбасының ескі үйінде жесір қалған жасы келген анасы мен анасына қарайласып, тұрмыс құрмаған әпкесінен алыс тұру, құрбандықпен тең болатын. Олардың екуі де қайтыс болды, ал анам алыс Нью Джерсиде тұрды. Сонда мен анамның өмірінде бір рет жылағанын көрдім.
Жылдар өте менің әкемді Юта штатына жұмысқа шақырды. Ол анамнан: «Милдред, қалай ойлайсың, мен не істеуім керек?» деп, сұрады.
Ол: «Генри, дұрыс деп, ойлағаныңды жаса» деді.
Ол ұсыныстан бас тартты. Келесі таңда анам оған, менің қалауым әлі де бар деп, хат жазды. Барлығы жазғырудан басталды. Бірнеше жыл бұрын сәті түссе, ол оның отбасының қасында болу мүмкіндігін жасап, өзімен бірге алуға уәде еткен болатын. Әкем оның наразылығына таң қалды. Ол оның жүрегіндегі қалауым ұмытып кеткен. Ол дем арада жұмыс ұсынысын қабыл алатыны туралы хат жіберді.
Ол оған: « Милдред, маған неге айтпадың?» деді.
Анам оған: «Сен есте сақтауың керек» деп, жауап берді.
Ютаға көшу оның кәсіби өрлеуінінің құрбандығы ретінде емес, оның да таңдауы болуы керек деп, әрдайым айтатын. Олар біртұтас болудың ғажап мүмкіндігін алды. Егер әкем Киелі Рухты еске түсіріп, уәдесін бірнеше жыл бұрын орындағанда, жақсы болар еді. Ол шынайы Киелі Рух арқылы жүрегін жұмсартып, анамның таңдауы оның да, таңдауы болғанын қалады.
Көктегі Әкеміздің мүлтіксіз көріпкелдігі бар, әрқайсысымызды жақсы таниды және болашағымызды біледі. Біз сол қиындықтардан қалай өтетінімізді біледі. Ол бізге біздің барлық сынағымызда қалай көмектесуді білу үшін, Өзінің Ұлын азаптан өтуге жіберді.
Біз білеміз, осы әлемде Көктегі Әкеміздің рухани балалары кейде күнә мен үлкен бақытсыздықты таңдайды. Мінеки, неге Ол Өзінің Тұңғышын біздің Құтқарушымыз қылып жіберді, бұл барлық жаратылыстағы ең үлкен сүйспеншіліктің әрекеті. Біз, біздің Әкеміздің қасында өмір сүріп, мәңгілік өмірге дайын болып, бізді жақсылап тегістей жылтыратып шығару үшін уақыт керек, мінеки, біз неліктен Құдайдың көмегін күтуіміз керек.
Отбасындағы өмір бізді сынаққа алады. Бұл Құдайдың жоспарындағы бір бөлігінің бірі, бізді сынақтардан өткізіп, өлім тартуын беру үшін, бізді бекітім ету мақсаты. Бұл әсіресе отбасылық өмірде ақиқат, онда біз үлкен қуаныш пен көптеген қайғы-қасірет және қиындықтарды табамыз, оларға біздің кей кезде шыдамдылығымыз жетпейтін сияқты көрінетін болады.
Президент Джордж К. Кеннон Құдай сізді, мені, біздің балаларымызды сынақтарды өтуге дайындағаны туралы айтқан болатын: «Құдайдың сүйіспеншілігі берілмеген бірде біреуіміз жоқ. Ол қамқор болып, мәпелемеген бірде біреуің жоқ. Оның бізді сақтап қалуға және сақтану үшін, тәсіл бермеген бірде біреуің жоқсың. Ол Өзінің періштелерін бермеген бірде біреу жоқ. Мүмкін біз өз қөзіміздің және айналамыздағылардың көз алдында жексұрын көрінетін шығармыз, бірақ біз Құдайдың балалары екеніміз шындық болып қалады және Ол бізге Өз періштелерін берді – бізге қамқор болатын - көзге көрінбейтін күш пен құдірет сыйлады – олар бізді бақылап, қамқорлық көрсетеді».
Президент Кеннонның оқытқаны ақиқат. Маған сол қажет болып, тәуелді болдым және сол сияқты сіздерге де, сенім керек болады.
Мен жақсы көретін кімде-кім Өтелудің күшін сезініп тапсыншы деп, сеніммен мінажат еттім. Мен адам ұрпағына періштелер көмекке келсінші деп, сеніммен мінажат еттім, сонда олар келді.
Құдай өзінің әр баласына құтқарылу тәсілін дайындады. Көптеген жағдайда бұл тәсілдер тұған бауырың, әпкең немесе олардың барлық қылықтарына қарамастан жақсы көретін әжеңнің тіршілігімен байланысты.
Менің бір досым бірнеше жыл бұрын өзінің әжесі туралы айтқан болатын. Ол Құдайға және Оның Шіркеуіне әрқашанда адал болып, өмір сүріп жатты. Соған қарамастан, оның бір немересі қылмыс жолын таңдады. Ақырында, оны абақтыға жапты. Менің досым еске түсіріп, оның әжесі немересімен кездесу үшін, түрмеге қарай барар тас жолда оның жанына батып; «Мен адал өмір сүруге тырыстым. Неге осындай оқиға болып, немерем өз өмірін бұзды?» деп, көзі жасқа толатын.
Оның ойына жауап ретінде мына сөздер келді: «Мен оны саған бердім, өйткені, мен білемін оның қандай да бір қылықтарына қарамастан, сен оны жақсы көретін боласың».
Біздің баршамызға берілген бұл керемет сабақ. Сүйе білген ата-ана мен ата-әжеге және Құдайдың барша қызметшілеріне осы күйреп жатқан дүниеде жеңіл бола қоймас. Біз Құдайдың балаларына бақыт жолын таңда деп, мәжбүрлей алмаймыз. Оны Құдайдың Өзі де, бізге таңдау еркіндігін бергендіктен жасай алмайды.
Көктегі Әкеміз бен Оның Сүйікті Ұлы Құдайдың барлық балаларын, олардың нені таңдап, істеп, кім болғанына карамастан жақсы көреді. Құтқарушы, қандай да жексұрын қылықтарға қарамастан барлық күнәнің құнын өтеді. Әділеттіктің бұлтартпастығы қандай болса да, әділ сотын бұза алмайтын мейірбандық керек.
Алма өзінің ұлы Кариантонға үміт артып, айтқан сөздері: «Сондықтан, әділет заңына сәйкес, өтелу жоспары орындалмас еді, өйткені адамдардың осы сынақ күйіндегі жағдайында, иә, осы дайындық күйінде; егер осы жағдай болмағанда, рақымшылық сот әділетін бұза алмай өз әрекетін орындай алмас еді. Осы күні, әділ сотының ісі бұзылмайды; өзгеше Құдай онда Құдай болмас еді».
Менің немерелеріме және мәңгілік отбасын құрып тырысқан адамдарға берген жолдауым- қуаныш, адал сенімі бар адамдарға берілетіні хақ. Өткен дүние болмысында, Сүйікті Көктегі Әкеміз бен Оның Сүйікті Ұлы сүйіп, Олардың біліміне сәйкес жолдан тайғаны болса, ол адамдармен жұмыс істей бастаған. Құдай олардың барлығын мәңгілік сүйетін болады.
Біздің артықшылығымыз бар, олар рухани әлемде ілімдерден алған құтқарылу жоспары туралы білгенін білеміз. Басқа көптеген адамдар болмаған осы дүниеге келу мүмкіндігін алған олардың және сіздердің сенімдеріңіз жеткілікті адал болған.
Киелі Рух арқылы барлық ақиқат есімізге түседі. Біз басқаны мәжбүр ете алмаймыз, бірақ біз оны біздің өмірімізде көруге мүмкіндік бере аламыз. Біз Көктегі Әкеміздің отбасы мүшесі ретінде, бірге болған кезде, қуанышқа бөлене алатынымыздың кепіліне әрдайым күш жинай аламыз. Біз Құдайдың көмегімен баршамыздың үміті мен қуанышы жандана түскенін сезінеміз. Мен осы баршамыз үшін осылай болғанын тілеп, мінажат етемін. Иса Мәсіхтің атына, әумин.