Шыдамдылықтың күші
Біздің ақыр соңына дейін адалдықта бастан кешіру қабілеттігіміз тікелей біздің куәгерлік күшіміз бен біздің өзгерісіміздің тереңдігіне байланысты болады.
Күнделікті таңертең оянған кезде, біз өмірдің қырсықтарымен жаңа күнде кездесеміз. Ол қиындықтар көптеген үлгіде: физикалық қиындықтар, қаражат сәтсіздіктері, қарым-қатынас қиындықтары, сезім әрекеттеріне бой алдырушылық сынақтары және өз сеніміңмен де, күресесің.
Біздің өмірде кездесетін көптеген қиындықтарды шешіп, жеңіп шығуға болады, бірақ біз келесі өмірге өткенше, басқасын түсініп жеңіп шығу қиынға соғып, бізбен бірге қалып қалады. Қиындықтарға уақытша шыдамдылық танытып, біз шешімін табамыз, ал сол қиындықтар сынағынан өте беретін болсақ, біз шешімін таба алмаймыз, ең маңыздысы есте сақтау керек, егер біз рухани күшімізді пайдаланатын болсақ, біздің өмірде барлық кездесетін қиындықтарды бастан өткізіп, табысты жеңіп шығуға көмектеседі.
Бауырлар мен әпкелер біздің жер бетіндегі өмірімізді жаратқан біздің сүйікті Көктегі Әкеміз бар және Оның ұдайы қасындағы мәңгілік өмірге үміттену үшін, біз жеке әрқайсысымыз үйреніп, сабақ алуымыз керек.
Осы ұстанымды Пайғамбар Жозеф Смиттің өміріндегі оқиға бейнелейді. Пайғамбар мен бірнеше серіктесі Миссури штатындағы Либертиде бірнеше айға түрмеге жабылған болатын. Түрмедегі қиналысында пайғамбар Жозеф Смит өзін Құдайға бойсұндырып, Әулиелер өздерінің қазіргі қиындықтарынан босатылғанын жалбарына сұрап мінажат етті. Құдай Пайғамбар Жозефке, егер біз кездестірген барлық қиындықтарымызға шыдамдылық танытатын болсақ, нәтижесінде жақсылық болады деп, үйрете жауап берді. Бұл Жозефке Иеміздің берген жауабы:
«Ұлым Менің, жаның тыныштық тапсын; сенің қиындықтарың мен азабың тек уақытша;
«Сонда, сен шыдамдылық танытатын болсаң, Құдай сені биікке көтереді».1
Көктегі Әкеміз біздің мінезімізді тексеру үшін, осы жер бетіндегі біздің саяхатты ұйымдастырды. Біз жақсылық пен жамандықтың әсеріне тап боламыз, содан соң адамгершілік таңдауында біз өзімізге қай жолды қабылдайтынымызды таңдаймыз. Көне замандағы пайғамбар Самуилдің оқытқаны: «Сендер еркінсіңдер; сендерге өз таңдауыңмен әрекет етуге еркіндік берілген, әмбе, Құдай сендерге білім мен еркіндік берді».2
Көктегі Әкеміз біздің ажалдығымыз үшін, біз кейде адал болып немесе дұрысты таңдамайтынымызды да, түсінеді. Өйткені, біз өсіп жетілмегендіктен біз қателіктерді жасаймыз, біз Оның қасына оралуымыз үшін, көмегіне мұқтаж боламыз. Қажет көмек Иса Мәсіхтің өтелу құрбандығы, үлгі және ілімдер арқылы келеді. Құтқарушының өтелу құрбандығы келешекте бізге құтқарылу мен тәубеге келу ұстанымы арқылы биікке көтерілу мүмкіндігін береді. Егер біз шын ниетімізбен тәубеге келетін болсақ, Өтелу бізге таза болуға және қиындықтарымызға шыдамдылық танытып, табиғатымызды өзгертуге көмектеседі.
Иса Мәсіхтің ілімдерінде табылған шыдамдылық өте маңызды ұстаным болып табылады. Бұл маңызды, өйткені біздің мәңгілік болашағымыздың сапасы біздің адалдықта бастан кешіру қабілеттігімізге сәйкес.
2 Нефий 31 үзіндісінде пайғамбар Нефий бізді оқытады; кейбір сақталған ұстанымдардан Иса Мәсіх су рәсімінен өтіп, содан соң Киелі Рухтың тартуын алды, «біз Мәсіхтің сөзін сіңіріп алға ұмтылып, ақыр соңына дейін бастан өткеруіміз керек, сонда Әкеміз бізге: сендер мәңгілік өмірге ие боласыңдар» 3деді.
Сондықтан, біздің Көктегі Әкеміздің барлық балаларынан ең үлкен мәңгілік өмір болып табылатын батаны алу үшін, біз ұстанымдарға лайық өмір сүріп, сол ұстанымдарға сәйкес өмірімізді жалғастыруымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, біз шыдамдылық танытуымыз керек.
Біздің ақыр соңына дейін адалдықта бастан кешіру қабілеттігіміз тікелей біздің куәгерлік күшіміз бен біздің өзгерісіміздің тереңдігіне байланысты болады. Біздің куәгерлігіміз шынайы күшейгенде, біз Иса Мәсіхтің Інжілімен өзгеріп, біздің таңдауымыз Киелі Рухпен орнығып, Мәсіхтің қадағалауында болып, олар біздің таңдауымызды адал бастан кешіру үшін, қолдау көрсететін болады. Егер біздің өзгерістеріміз үстірт шалағай болса, қауіп төнуі ықтимал, біз теріс жолды таңдап әлемнің алданыш салттарының арбауына түсеміз.
Мен сіздермен бір тәжірибеммен бөліскім келеді, ол физикалық шыдамдылыққа қажет күш салғанды бейнелейді, содан соң оны рухани шыдамдылыққа күш салуымен салыстырайық. Миссиядан қайтып оралған соң, Калифорния колледжіндегі аса құрметті, атағы шыққан жаттықтырушымен баскетбол ойнау мүмкіндігі болды. Ол жаттығушы баскетбол ойындардың кезеңі басталар алдында өзінің ойыншыларына жақсы дене үлгісінде болулары үшін, оларға аса жауапкершілікпен қарайтын. Біздің әрқайсысымыздың алдында тұрған жаттығудың алғышарты, ол мектептен тәмам таудағы ойқы-шойқылық таулы жолмен нақты бір уақытта жылдам жүгіріп шығу баскетболдық сот тәжірибесі болған. Әрине, менің миссиядан қайтып келгеннен кейінгі жүгіріп шыққан бірінші талпынысым, менің есімде қалды: Сол кезде, мен өлетін шығармын деп, ойладым.
Әйтеуір, жаттықтырушының талап еткен уақытына жетіп орындау үшін, апталап шынайы жаттығудан өтуім керек болды. Бұл үлкен толқыныс болып, тек қана жүгуру ғана емес төмен мәреге жетудің жылдамдық мүмкіндігі де болды.
Баскетбол ойнау үшін, сіз жақсы дене үлгісінде болуыңыз керек. Жақсы физикалық үлгіде болу өте бағалы, ол баға өз ісіне берілгендікті және өзін ұстай білуді білдіреді. Рухани шыдамдылықтың да, өз бағасы бар. Ол да сол баға: қайсарлық, батылдық, өзін ұстай білу.
Сондықтан, біздің куәгерлігімізді қалайша жақсы үлгіде сақтай аламыз? Біз баскетбол ойнау үшін, жай ғана телеарнадан баскетболды қарап қана өз денемізді жақсы үлгіде ұстай алмаймыз. Бізге Иса Мәсіхтің негізгі Ілімдерін оқып үйренуіміз керек, содан соң, соған лайық өмір сүруіміз үшін, біздің қолымыздан келгеннің барлығын жасауға тиістіміз. Осылай, біз Иса Мәсіхтің шәкірті болып, осылайша, біз мықты куәгерлігімізді тұрғызамыз.
Біз өмірдің қиындықтарымен кездескен кезде, Иса Мәсіхтің белгілеріне еліктейміз, ол рухани дайын болу керек. Рухани дайын болу, ол біз жақсы рухани үлгіде боламыз деп, рухани шыдамдылық пен мықтылықты жетілдірдік. Біз жақсы үлгіде боламыз, сондықтан біз рухани бірізділік дұрысты таңдаймыз. Біз Інжілмен өмір сүруіміз бен қалауымызда, тұрақты боламыз. Біргездерде, бір белгісіз ақын: «Сіздерді өзен суы шайып кете алмайтын тау секілді болуларыңыз керек» деген.
Өйткені, біз қиындықтарды күнде кездестіреміз, сондықтан, бізге күнделікті өзіміздің рухани шыдамдылығымызбен жұмыс істеу өте маңызды. Рухани шыдамдылықты жетілдірген кезде, біз дүниенің жалған салттары мен біздің күнделікті қиындықтарымыз, біздің адал өзгерістегі қабілеттігімізге кездескен жағымсыз әсерлер, әлсірей түседі.
Рухани шыдамдылықтың керемет үлгісі біздің өз отбасымыздың тарихында да, бар. Біздің ата-бабамыздан қалған көптеген оқиғалардың арасында, біз шыдамдылыққа оң мінездемені көрсететін үлгілерді таба аламыз.
Менің өз отбасымның оқиғасы осы ұстанымды көрсетеді. Менің үлкен атам Джозеф Ватсон Майнес 1856 жылы Англиядағы Хал, Йоркшиде туылды. Оның отбасы шіркеуге Англияда қосылып, кейін Солт-Лейк-Ситиге қоныс аударған болатын. Ол 1883 жылы Эмили Кипке үйленіп, сегіз баланың ата-анасы болды. Джозеф 53 жасқа толған кезде, 1910 жылы ол толық миссияда қызмет етуге шақырылды. Ол өзінің әйелі мен сегіз баласының қолдауымен толық миссияда қызмет ету үшін, Англияға қайтып оралған болатын.
Екі жыл бойы адал қызмет етіп, ол өзінің серіктесімен Англиядағы Глостердегі жексенбілік мектеп қызметіне кетіп бара жатып, дөңгелегі жарылды. Ол зиянның мөлшерін көру үшін, велосипедтен түсті. Бұны жөндеу шынымен бірнеше уақыт алатынына көзі жеткен соң, серіктесіне жексенбілік жиналыс қызметіне барып, бастасын деді. Сөзін аяқтап, ол жерге құлады. Сол жерде оның жүрегі ұстап, жүріп кетті.
Бұл өмірде Джозеф Ватсон Майнес өз әйелі мен балаларын көре алмай кетті. Олар оның денесін Солт-Лейк-Ситиге жеткізіп, Ватерлодағы ескі холда қоштасу рәсімін өткізуге шамалары жетті. Қоштасу рәсімінде, Он екілік Апостолдар Кворумынан аға Азони Ю Айванс сөз сөйлеген кезде, өмір мен өлім және шыдамдылық туралы маңызды сабақ берді: «Бұл Інжілдің бізге бергені – өлім имунитеті емес, бірақ үміт арқылы келген жеңіс, бізді жарқын қайта тірілуге әкеледі. . … Бұл (Джозеф Майнеске) … де қатысты. ... Бұл жаныма жайлы болып тиді және ер адамдар өз өмірін адалдық пен ақиқат шындығы үшін қиятыны қанаған етіп, қуантты.4
Бұл отбасылық оқиға мені рухтандырады, менің үлкен атамның көрсеткен рухани шыдамдылығы мен төзімділік үлгісіне елігу үшін, менің қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Мен тағы оның әйелі Эмилидің сенімі рухтандырады, Джозеф қайтыс болған соң оның өміріне, әрине, барлық ауыртпалық тиді. Эмилидің өзі сегіз баласына қолдау көрсетіп қалған өмірін адал өткізгені туралы толық өзгеруіндегі куәгерлігі жанға қатты батты.
Апостол Павел: «Бізді тепкілейтін ауыртпалық пен күнәні артқа тастайық та, шыдамдылық танытып алға ұмтылайық».5 Осы кедергілерге толы жер үстіндегі төзімділік сынағының жарысында. Бұл жарыстағы кедергілер күнделікті таңертең оянған кездегі қиындықтар болып табылады. Біз осы жер бетіне арақашықтықты жүгіріп шығып және біздің еркіндігімізді көрсетіп жақсылық пен жамандықтың арасын таңдау үшін келдік. Бізге осы жарыста беделімізді түсірмей аяқтап, Көктегі Әкеміздің қасына оралуымыз үшін, біз қайтсек те қайсарлық пен табандылық танытып, өзімізге ұстамды болуымыз керек. Бізге руханилық күйге түсу керек. Бізге рухани төзімділікті жетілдіру қажет. Бізді шынайы өзгерістерге әкелетін мықты куәгерлік керек, сонда біз кездестірген қиындықтардың барлығын шыдамдылық таныту үшін, біз қажетті өз ішкі тыныштығымыз бен күш-қуатын табамыз.
Сондықтан, күнделікті оянған кездегі ауыртпалықтар - есте сақтаңыздар – Құдайдың күшімен рухани күшіңіз өсе түседі, жарыстың соңында сіз сенімге ие боласыз деп, Апостол Паулдың білдіріп, айтқаны:
«Менің қаным төгіліп, құрбан болып, бұл дүниеден аттанатын кезім таяу қалды.
Мен «игі жарысқа» қатысып, мәреге жеттім, сенімімді сақтап қалдым.
Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» - «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші – Иеміз бермек».6
Мен сіздерге өз куәгерлігімді әкелемін, бізді осы уақытта осы жерге алып келген менің куәгерім шынайы сүйікті Көктегі Әкеміз бен Оның үлкен мәңгілік бақытты жоспары. Құдайдың Рухы өзіміздің шыдамдылық күшімізді өсіруге барлығымызды рухтандырсын. Иса Мәсіхтің атына, әумин.